«Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды

0
103
Фото: gov.kz/Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедициясы Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Елімізде алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласын зерттеумен айналысатын мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады.

Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ