Тасқын құрсауында 5411 үй қалып отыр

0
35
Фото: ҚР Үкіметі

– Еліміздің 5 өңірінде 5411 жер үй су астында қалып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды», – деді ТЖМ офицері.

Сондай-ақ, ол тасқын аумағындағы тұрғындарға уақытша паналау орталықтарынан рұқсатсыз кетуге болмайтынын ескертті.

«Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай режимі әрекет етеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пунктерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады», – деді Ерасыл Сайпаш.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ