ТАЗАЛЫҚ МЕКЕНІ: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТАЗАЛЫҚ БОЙЫНША ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДА КӨШБАСШЫ

0
84

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Қызылорда облысында белсенді түрде жалғасуда.

Акция аясында саябақтар, скверлер мен аллеялар аумағын абаттандыру, қоқыстан тазарту және ағаш отырғызу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Бүгінде Қызылорданы көркейту, көгалдандыру, таза ұстау мәселесіне ерекше ден қойылып, тиісті шаралар қолға алынған. Қала іргесі кеңейіп, жаңа мөлтек аудандардың саны артуда. 2017 жылдан бері сол жағалау қарқынды құрылыс алаңына айналды. Қазірдің өзінде бірқатар білім ордасы, Жастар орталығы, саябақтар мен үйлер тұрғындар игілігіне берілген.

Облыс орталығы тазарып, көркейгенін, бұл бастамаға көңіл толатынын тұрғындар да, қала қонақтары айтады. Мұның барлығы – кейінгі жылдары қолға алынған жұмыстардың нәтижесі.

 Қызылордалықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда

Ел Президенті жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын аймақ тұрғындары бірауыздан қолдады. Іс-шараға 191 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласының қызметкерлері мен кәсіпорындар қатысты.

Нәтижесінде 8 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, елді мекендердің 505 скверлері мен саябақтары, 225 тарихи мәдениет ескерткіштері, 791 әлеуметтік нысандар, 1130 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 289 су нысандары, 24 445 аулалар мен көшелер тазартылды, 900-ге жуық техника жұмыс істеуде. Облыс орталығы мен аудандарда аймақтың климатына сәйкес келетін қарағаш, терек және сыр талы секілді ағаш көшеттері отырғызылды.

 Сарапшылардың жоғары бағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Президент Телерадиокешені «Таза қала» атты ауқымды тележобаны қолға алды. Алғашқы түсірілім Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында өткізілді. Сауалнама нәтижесімен сарапшылар санитарлық тазалық бойынша Қызылорда облысы басым түсуде деп пайымдады.

«Таза қала» тележобасы аясында еліміздің барлық өңірлердегі тазалық жұмыстары бағалануда. Бағдарламадағы деректер эколог, урбанистерге, арнайы сарапшыларға тапсырылады. Мамандар көшедегі тазалық пен тәртіп, коммуналдық қызметтің жұмыс жүйесі, абаттандыру, халық мәдениеті, қала эстетикасы секілді бес критерий бойынша бағалайды. Бұл шығарылымды да Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин, «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқару департаментінің директоры Сәбит Қашқынбаев, урбанист Тұрсын Жиенбаева арнайы көрді және қаланың хал-ахуалына өз бағаларын берді.

«Қаланың келбеті өте жақсы, эстетикалық жағынан да талғаммен өсіп келеді. Бірақ ескі қаланың да проблемаларын ұмытпау керек, әсіресе кәріз жүйелері, қатты қалдықтарды жинау мен шығаруда мәселе бар. Қызылорда ауа райының қолайсыздығына, топырақ құнарының төмендігіне қарамастан, қыруар қаражат бөліп, көгалдандыруға, абаттандыруға ұмтылып жатыр. Бағалауда осы ұмтылыстарын ескердім және Қызылорда қаласы кейін көк желекке оранған қала боларына сенемін», – дейді Ерболат Сатыбалдин.

Сарапшылар қатты қалдықтарды өңдеу мен сұрыптау мәселесі басқа қалалармен ұқсас екенін, қоқыс жәшіктері мен инфрақұрылым жетіспейтінін айтты.

«Сонымен бірге, қала халқының еңбекқорлығын байқадым. Төмен баға қаланың эстетикасына, соның ішінде ғимараттардың келбеті мен жағдайына қойылады», – деді урбанист Т. Жиенбаева.

Жалпы есепте Қызылорда қаласы 20 ұпаймен көш басына орнықты.

  «Үлгілі елді мекен» конкурсы дәстүрлі түрде өткізілуде

Сонымен қатар, өңір басшылығы елді мекендердің таза әрі тұрғындар үшін жайлы болуы үшін арнайы байқау ұйымдастырып, үлгілі елді мекендерді марапаттауды дәстүрге айналдырды.

Мемлекет басшысының «Ауылдық аумақтарды дамыту туралы» тапсырмасына сәйкес облыстың елді мекендері арасында жыл сайын тазалыққа, абаттандыруға, көгалдандыруға бағытталған «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы өткізіледі.

Байқау туған өлкені көгалдандыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және қоршаған ортаны жақсартуға ықпал ететін бірегей әлеуметтік маңызы бар жоба болып табылады.

2023 жылы байқау көктем мен күз айларында 2 рет өткізіліп, облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді.

Байқау жеңімпаздарына ауылдық өңірлерге қажетті 29 арнайы техника, қоқыс таситын көліктер, жол тазалағыш, жер қазушы, тиеу тракторлары, ассенизатор-машиналар, жүк тасымалдаушылар сыйға тартылды.

Биыл конкурс жалғасын тауып, жеңімпаздарға  436 млн теңгенің 19 арнайы техникасы табысталды. Мұнан бөлек, «Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін үлгілі ауылдардағы абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн. теңгенің сертификаттары берілді.

Сонымен қатар, облыс орталығында жыл сайын «Үздік аула» номинациясы бойынша байқау өткізіледі. Қала әкімдігі ұйымдастырған байқау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы, Әбдірахманов көшесіндегі №19 көппәтерлі үйдің ауласы «Үздік аула» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Елді мекендерді көгалдандандыру, абаттандыру жұмыстарына белсенді тұрғындар да атсалысуда.

Көппәтерлі үйдің осы номинация бойынша жеңімпаз атануына осы үйдің тұрғыны, зейнеткер Бердіқожа Кенжебаев өз күшімен көпқабатты тұрғын үйдің ауласына соңғы жылдары 100-ге жуық ағаш отырғызды. Ал, 85 жастағы Бектай Сүлейменов те қаланы абаттандыру, көркейту жұмыстарына өз бастамашылдығымен атсалысады. Бұрынғы агроном бүгінге дейін 2 миллион ағаш өсіріпті. Біразының көшеті елді мекендер көшелерінде жайқалып тұр.

«Күн сайын 8 гектар жерді айналып, ағаштардың күтімін жасаймын. Шыбық егемін, суарамын, шөбін отаймын. Әуежайға бара жатқан жолдағы ағаштардың бәрі – менің көшеттерім», – дейді Б.Сүлейменов.

Қалада бірнеше шақырымдық орталық көшелер бар. Абай даңғылы шаһардың бір басынан екінші басына созылып, басқа да көшелермен жалғасады. Ойын-сауық орталығы да, саябақ та, жағажай да, аквапарктер де осы көшенің бойында. Халық кешқұрым оның бойымен серуендегенмен, мұнда бірде-бір қоқыс кезікпейді. Бұл – қызылордалықтардың тазалық мәдениетінің көрсеткіші.

Қызылорда қаласында қоқыс өңдеу полигоны салынбақ

Қызылорда қаласының аумағында қоқыс полигонын салуға Корея Республикасынан инвестор тартылды. Қызылорда облысының әкімі тарапынан Оңтүстік Корея инвесторымен меморандумға қол қойылып, тиісті құжаттар әзірленуде.

Зауыт құрылысына шамамен 8 млрд теңге салынады, нысан пайдалануға берілгеннен кейін жылына 300 мың тонна жол жүру сұрыпталады және қайта өңделеді.

Нысан 2025 жылдың II тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Қызылорда тазалығы» мекемесіне қолдау көрсетілуде

Бүгінде Қызылорда қаласының тазалығы мен абаттандырылуына жауапты «Қызылорда тазалығы» ЖШС мекемесінде екі ауысымда барлығы 75 бірлік арнайы техника және 200-ден астам жұмысшы қызмет етуде.

Соңғы 2 жылда материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға 2 млрд 153 млн теңге бөлінді, оған қажетті техника сатып алынды.

Айта кету керек, қатардағы жұмысшылар үшін  ынталандыру шарасы ретінде жалпы коммуналдық сала қызметкерлеріне қоғамдық көлікте тегін жол жүру ұсынылады және жылына бір рет санаторийде тегін жолдамалар беріледі.

Бұдан басқа, қаланы көгалдандыруға қатысты ағымдағы жылдың басында қалада «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды, ол орталық көшелерді, скверлерді, аллеяларды абаттандыру және қаланы көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

Мария Умарова

zamandas.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213