Темір жол саласында 3,5 мыңнан аса қыз-келіншек еңбек етеді

0
322
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

 Қазір «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да жалпы 3,5 мыңнан астам нәзік жандылар қызмет етеді. Олардың ішінде теміржол саласының бет-бейнесі мен жолаушыларды алғаш қарсы алатын мыңға жуық пойыз жолсерігі мен 400 касса қызметкері бар. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жолсерік әйелдер айына 170-тен 180 сағатқа дейін жолда жүреді. Олар отбасынан шалғай жерде жүріп қызмет етеді. Жолсерік әйелдердің пойызда атқаратын қызметі ерекше, себебі жолаушыларға қызмет көрсету мен жылжымалы құрамның жұмысын қамтамасыз ету үлкен еңбек. Өзінің еңбек жолында жолсерік әйелдер негізігі атқаратын функционалынан бөлек, кейде психолог та, бала күтуші де, медбике де болып, бойына барлық қасиетті қатар алып жүруі қажет. Әр түрлі өмірлік жағдайларда тіпті акушер де болып, жолаушылардың өміріне ғана емес, жаңа туған сәбидің өміріне жауапкершілік алады» – делінген хабарламада.

жолсерік
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Ұлттық тасымалдау компаниясының баспасөз қызметі берген мәліметке сенсек, соңғы үш жылда жолаушылар пойызында 12 сәби дүниеге келген. Осы жағдайдың әрқайсысында сәбиді босандырып алған жолсерік әйелдер өздері де көп балалы ана екендігін ерекше атап өткен жөн.

Темір жол
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

«Касса қызметкерлері де теміржол саласында маңызды рөл атқарады. Олар билеттерді сатуды жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар жолаушыларға пойыздардың жүру кестесі мен пойызға қатысты басқа да қажетті ақпаратты береді. Еліміз бойынша 24/7 режимінде 165 вокзал кассасы жұмыс істейді. Кассалардың үздіксіз жұмысы нәзік жандылардың екі ауысымдық еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр» – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Темір жол
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Жолсерік әйелдер отбасыларымен өткізетін ең жарқын сәтін тәрк етіп, еңбек жолының тең жартысын жолда өткізеді. Теміржолшылардың күші, еңбегі мен өз ісіне деген адалдығы Ұлттық тасымалдаушының табысты қызметінің өзегі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ