Теміртау қаласындағы білім беру нысандарын аралады

0
63
фото: сенат
Теміртау қаласындағы бірқатар білім беру нысандарын аралады.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Еңбек адамы – ұлттық экономиканың өсуі мен ұлттың өркендеуінің негізі» тақырыбы бойынша Парламенттік тыңдауға дайындық барысында Теміртау қаласынағы бірқатар білім беру нысандарын аралады. Бұл сапар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр.

Сенаторлар Теміртаудағы политехникалық, кәсіптік-техникалық, сондай-ақ медициналық колледждерде болды. Парламентшілер сапар барысында оқу үдерісімен, қазіргі заманғы әдістемелік құралдармен және бағдарламалармен танысты, сондай-ақ оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орнықты экономикалық өсуге қажетті жоғары білікті кадрлар даярлаудың негізі ретінде орта және арнаулы орта білім беру саласын дамытуға бірнеше мәрте назар аударғанын атап өтті.

Парламентшілер талқылау барысында білім беру ортасын жақсарту және кәсіптік оқытуды дамыту жөніндегі ұсыныстар туралы хабардар болды және оны бұдан былайғы заң шығару жұмысы барысында ескеруді жоспарлап отыр. Теміртау қаласына сапар экономиканың өсуі мен ұлтты өркендетуде негізгі фактор болып табылатын еңбек ресурсы тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өткізуге орайластырылғанын ерекше атап өткен жөн.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз