«Тіпті Токионы басып оздық»: Мусин елордада интернеттің мінсіз екеніне сенімді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астана қаласы интернет жылдамдығы бойынша халықаралық рейтингте Токионы басып озғанын мәлімдеді.
Бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері одан Астана қаласында интернет сапасының неге нашарлап кеткенін сұрады. Бірақ Бағдат Мусин халықтан шағым көп болғанмен, халықаралық рейтингте Астананың көрсеткіші жақсара түскенін алға тартты.
Speedtest халықаралық рейтингі Астананың 35 орынға жоғары шыққанын айтып отыр. Біз 35 қаланы басып оздық. Тіпті Токионы басып оздық. Бұл рейтингті мен құрған жоқпын ғой, — деді министр.
Е.БОЛАТҰЛЫ