Туристерге білгізетін уақыт жеткен сияқты

0
353

Туристтерді молынан тартуға болатын тарихи құны жоғары үңгірлердің бірі Бурабай баурайында орналасқан – Кенесары үңгірі.

Өлкедегі үңгірлердің ішіндегі ең ірі әрі көпшілікке таныс үңгірдің қазіргі жағдайы адам шошырлық болып тұрғаны алаңдатады. Бұлай деуге себеп, ханның есімі берілген тарихи орын жын-шайтанның ордасына айналыпты. Үңгірдің айналасы шашылған қоқыс пен алкоголді ішімдік шынылары басып кеткен. Үңгір қабырғалары да шимайланған жазбаларға толып кетіпті.

Ал, ғалымның айтуынша үңгірге хан Кененің есімінің берілуінің де мықты себебі бар. Яғни, 1837 жылдан 1847 жылдарға дейін 10 жылға созылған патша отаршылдығына қарсы ұлт азаттық көтерілісте Кенесары хан дәл осы үңгірден жауды бақылап отырған. Былайша айтқанда үңгір соғыс тәсілдерін қолдануға стратегиялық орын болғанға ұқсайды. Бір жағынан үңгірдің қалтарыс қуыстарының болуы жаудан тасалануға қолайлы болған.

Бәлкім осындай туристтерді тартуға болатын, тарихи жәдігерлерге бай үңгірлер арқылы шетелдік туристерді де тартармыз. Өйткені өзіміз аузымыздың суы құрып тамсанатын, Америкадағы Колорадо, Маккензи үңгірлері, Жапония аралдарындағы, Оңтүстік Америкадағы Анд тауындағы үңгірлер сияқты біздің де шетелдер ізде жүріп келетін орындар жетерлік емес пе? Сондықтан, әлі де болса қаражат бөлінбей, тарихы танылмай келе жатқан жерлерді өзіміз біліп, содан туристерге білгізетін уақыт жеткен сияқты.

Абзал Алпысбайұлы,

Ақмола облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ