Ветеринария саласындағы тексерулердің нәтижелері

0
82
Елордалық прокуратура ветеринариялық заңнаманың сақталуына
тексерулер жүргізді.
Тексеру нәтижелері көптеген бұзушылықтарды, соның ішінде мал
шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті
тиісінше тасымалдамауын, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы
ветеринариялық іс-шараларды орындамауын, сондай-ақ ішкі сауда
объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы
бұзушылықтарды анықтады.
Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал
шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъектілер
жұмыс істейді.
Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың
бұзылуы анықталды, сондай-ақ кейбір зертханалар ветеринариялық-
санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік
жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік
жауапкершілікке тартылды.
Уәкілетті органдар анықталған бұзушылықтарды жоюда.
Астана қаласының прокуратурасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ