Қызылордада бір апта ішінде заңсыз балық аулаудың 54 дерегі тіркелді

0
187
Фото: polisia.kz

Қызылорда полицейлері «Браконьер» іс-шарасы барысында заңсыз балық аулаудың 54 дерегін анықтады, деп хабарлады zamandas.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1-29 ақпан аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу.

Жүргізілген рейдтік шаралар барысында полицейлер 73 құқықбұзушылықты анықтады. Оның бесеуі – қылмыстық іс және 68-і – әкімшілік құқықбұзушылық. Оның ішінде заңсыз балық аулаудың – 54, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың – 4, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтаудың – 7, аңшылық қаруды сақтау ережесін бұзудың 3 дерегі анықталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ