Өзбекстанның кино күндері өтеді

0
115
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

6-7 тамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Chaplin кинотеатрында Өзбекстанның кино күндері өтеді,

Астана тұрғындары мен қонақтары өзбек кинематографтарының екі фильмін тегін көре алады, деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Бірінші фильм – 2023 жылы режиссер М.Эркинов түсірген «Абдулла Орипов: Тәуелсіздік әншісі» киносы. Туынды Өзбекстан мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақыны Абдулла Ориповтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Көрермен ақынның балалық және жастық шағына саяхаттап, оның өзбек әдебиеті мен мәдениетіне қосқан елеулі үлесінен хабардар бола алады, – деп қосты ведомство.

Екінші фильм «Яша, хотин!» (Жаса, әйел!) комедиясы отбасылық құндылық тақырыбын әзілмен ашады. Оқиға зейнетке шыққаннан кейін өзін жалғыз сезінетін ұмытшақ кейіпкер жайлы. Фильм ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара сүйіспеншілік пен қамқорлықтың маңызын баяндайды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанда мемлекеттік сапармен 7-8 тамызда болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ