Зейнетақы аннуитетінің әлеуеті

0
140

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары бойынша кіріс көлемі 369,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға аз. Бұл сектордағы 7 жыл үздіксіз өсуден кейінгі алғашқы төмендеу. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2021 жылы ерікті жеке сақтандыру бойынша сыйлықақы көлемі – 70,9%-ға, 2020 жылы проблемалық «коронадағдарыс» кезінде – 10,3%-ға, ал 2019 жылы бір жарым есе өскен еді.

Сақтандыру сыйлық­ақы­ла­рынан түскен барлық түсім­дер­дің ішінде ерікті жеке сақ­тан­дыру бойынша жиналған сыйлықақы үлесі төртінші жыл қа­тарынан басым. 2022 жылы ол 41,1%-ды құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 47,7%-ға жет­кенін айта кеткен жөн. Одан кейінгі орында ерікті мүлік­тік сақ­тандыру (жиналған сый­лықақы үлесі 33,6%-дан 37,2%-ға өскен) және міндетті сақтан­ды­ру (18,7%-дан 21,7%-ға өсті) тұр. Олар бойынша жиналған сый­лықақы көлемі де өсті: ерікті мү­ліктік сақтандыру бо­йынша – 22,1%-ға көбейсе, мін­детті сақ­тандыру бойынша 28,3%-ға арт­қан.

«2022 жылғы қаңтар-жел­тоқ­­санда ерікті жеке сақтан­дыру бойынша сақтандыру сый­лық­ақысынан түскен кіріс­тің жартысына жуығы тек екі ком­паниядан түсті: «Халық-Life» ӨСК және Nomad Life ӨСК: тиісінше 104,3 млрд және 75,7 млрд теңге. Олардан кейін «Еуропа Сақтандыру Ком­па­ниясы» (55,2 млрд теңге), Freedom Finance Life ӨСК (33,6 млрд теңге) және «Қазақмыс» СК (15,9 млрд теңге). Ерікті же­ке сақтандыру бойынша өнім ұсынатын 25 сақтандыру ком­­паниясының ішінде 15 сақ­тан­ды­ру компаниясында жи­нал­ған сый­лықақы көлемі ұлғайды. Ең елеулі өсім «Еуропа Сақ­тан­ды­ру Компаниясында» (23,3 млрд теңгеге), «Қазақмыс» СК-да (11,5 млрд теңгеге) және Freedom Finance Life ӨСК-де (9,4 млрд теңгеге) байқалды. Қал­ған компанияларда 741 мың­нан 4,8 млрд теңгеге дейін өсті», делінген Ranking шо­луын­­да.

Бұл ретте сектордағы сый­лық­­ақының жалпы көлемі 19 млрд теңгеге қысқарды, бұған ерікті жеке сақтандыру бойынша негізінен өмірді сақтандыру ком­панияларынан (ең көп сый­лықақы көлемі бар екі компа­ния­ны қосқанда) жиналған сый­лық­ақы көлемінің төмендеуі әсер етті:

Сыйлықақы Nomad Life ӨСК-де – 31,4 млрд теңгеге, Stan­dard Life ӨСК-де – 11,8 млрд теңгеге, «Еуразия» ӨСК-де – 11,4 млрд теңгеге және «Халық-Life» ӨСКде 11 млрд теңгеге азайды. Ерікті жеке сақтандыру бо­йынша сыйлықақы көлемі 10 мыңнан 3,8 млрд теңгеге дейін төмендеген. Бұл орайда сарапшылар ерікті жеке сақ­­тандыру ­бойынша­ жар­налардың төмен­де­уіне «кі­нә­лі» фактор ретінде ерікті жеке аннуитеттік сақтан­ды­рудан түскен түсімдер­дің 2022 жылғы қаңтар-жел­тоқ­санда бірден 46,4 млрд тең­ге­ге немесе 33,7%-ға, 91,1 млрд теңгеге дейін құлдырап кетуін атайды. Бір жылда аннуитет­тік сақтандыру бойынша сыйлық­ақы үлесі 35,4%-дан 24,7%-ға дейін қысқарған.

Айта кету керек, өмірді сақ­тан­дыру компаниялары ғана аннуи­теттік сақтандыруды ұсы­­­на­ды.

«Егер сегментті толығырақ қарас­тыратын болсақ, аннуи­тет­тік сақтандыру бойынша сый­лықақылар көлемінің тө­мен­деуі «Қазақстанда зейнет­ақы­мен қам­сыздандыру тура­лы» заңға сәй­кес жасалған зей­нетақы ан­нуитеті шарттары бойынша сыйлықақылардың төмендеуіне байланысты болды. Көрсеткіш бір жылда 49 млрд теңгеге немесе 37,7%-ға төмендеп, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда небәрі 80,9 млрд теңгені құрады. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жиналған сыйлықақы көле­мі­нің айтарлықтай төмен­де­уі Nomad Life ӨСК (16 млрд теңгеге), «Еуразия» ӨСК (12,6 млрд теңгеге), «Халық-Life» ӨСК (12,4 млрд теңгеге) және Standard Life ӨСК-де (10,3 млрд тең­геге) байқалды», делінген зерт­теуде.

Өмірді сақтандыру компаниялары ұсынатын зейнетақы аннуитеті шарттары мерзімінен бұрын зейнетке шығуға және оны өмір бойы төлеуге мүм­кін­дік береді. Алайда клиент қайтыс болса, онда төлем де тоқ­татылады. Клиенттің мұ­ра­­ге­рі төлемнің кепілдік бе­ріл­ген мер­зімінің опциясы рә­сім­дел­ген жағдайда ғана бел­гілі бір уақыт ішінде төлем алу мүмкіндігіне ие болады. Олай болмаған жағ­дай­да қаржы сақ­тан­дыру компаниясында қала береді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ