Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі тоқтатылуы мүмкін

0
98
көрнекі фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуды тоқтату мәселесіне қатысты пікір білдірді,

Ведомство басшысының айтуынша, министрлік базалық зейнетақы төлемін басқаша тәсілмен есептеуді қолдайды.

«Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60%-на тең болуы керек. Екіншіден, бұл сарапшылардың ұсынысы, яғни зейнетақы қорынан жинақты ерте шешіп алуды тоқтату – мұнымен де келісеміз. Себебі, қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек», — деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан соң.

Министр зейнетақы қорындағы 3 трлн теңгеден аса қаржы мерзімінен бұрын алынғанын жеткізді.

1,5 млн адам зейнетақы төлемдерімен қамтылды, 3 трлн теңгеден аса қаржы зейнетақы қорынан шығарылды. Ол қаржыға адамдар үй жағдайын жақсартты, емделді. Сондықтан бұл қаржыны бекер жұмсалды деуге де болмайды, — деді ол.

Еске салайық, 2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.

2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы шамамен 1,8 есе өсетіні хабарланды. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің пікірін ескеріп, Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Бейбіт Шүменовке АҚШ-та іздеу салынды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213