Жаңаөзендегі жарылыс: Үйінділер астынан екі адам шығарылды

0
201

Жаңаөзендегі жарылыстан кейін үйінділердің астынан 2000 жылы туған зардап шеккен әйел және 1994 жылы туған қайтыс болған азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта үйінділердің астынан 2000 жылы туған зардап шеккен әйел және 1994 жылы туған қайтыс болған азаматтың мәйіті табылды. Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала. 5 адам ауруханаға жатқызылды», делінген ТЖМ хабарламасында.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасып жатыр. 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды. Атап айтқанда, құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция көмекке келді.

Еске салайық, 17 сәуір күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Бір кіреберіс құлағанда 11 адам зардап шекті.

Кейінірек Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз