Жамбыл атындағы филармонияда «Атамекен» атты концерт өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақ мемлекеттік академиялық Жамбыл атындағы филармонияда «Атамекен» концерті өтті. Іс-шараны Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі ұйымдастырды.
«Атамекен» концертінде тарих пен ұлт мұрасы ұлықталып, көрерменге ерекше әсер етті. Бағдарламада ел жүрегіне жол тапқан шығармалар орындалды. Атап айтсақ, композитор М. Маңғытаевтың «Қазақстаным менің», Ө. Байділдаевтың «О, туған жер» және Д. Тілендікеліні жазған «Мәңгілік елім» әндері шырқалды. Ерекше естеліктер мен патриоттық рухқа толы бұл туындылар көрерменге Отанға деген сүйіспеншілік, туған елге деген мақтаныш сезімін ұялатты.
Оркестрдің әр нөмірі ұлттық мәдени мұраның маңызын айшықтап, көрерменнің рухын көтерді. «Отырар сазы» оркестрінің музыканттары фольклорлық дәстүрлер мен этнографиялық бояуды шебер үйлестіріп, тыңдаушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.
Аталмыш іс- шарс Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылып, мәдени дәстүрлерді қолдауға және қазақстандықтарды біріктіретін рәміздердің мәнін қоғамға түсіндіруге бағытталған тағы бір маңызды қадам болды.