Жамбылда тұрып қалған пойыздар қайта жолға шықты

0
186
Фото: ҚТЖ

Қолайсыз ауа райы мен айнала түк көрінбейтін жағдайда Жамбыл өңірінің теміржолшылары тәулік бойы қармен күресіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13-15 желтоқсан аралығында 11 мың текше метрден астам қар күрелді. Жолдарды тазарту үшін арнайы техника жұмылдырылған.

«Қазіргі уақытта жолаушы пойыздарының қозғалысы қиын учаскеде қайта жанданды. Өңір теміржол учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу қойылды» делінген хабарламада.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚТЖ-мен бірлесіп төтенше жағдай аймағында қалған азаматтарға жолаушылар пойызымен межелі жерге жетуге көмек көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ, теміржол вокзалдарында қоғамдық тәртіптің сақталуына жауап береді.

Көліктегі полиция департаментінің басшылығы жедел штабқа енгізілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шу-Отар аумағында 11 жолаушы және 12 жүк пойызы тоқтап тұрғанын хабарлаған едік.

Кеше түнде Жамбыл облысында өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жамбылдық полицейлер автожолдардағы жағдай дұрысталып, қауіп сейілгенше азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ Жамбыл облысында жолда қалған адамдарға қырғыз құтқарушылары көмекке келді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • ШЫМКЕНТТЕ КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213