Жартыжылдық қорытындысы: жаңа онлайн-сервистерді енгізу, байланыс инфрақұрылымын дамыту және жасанды интеллект

0
109

Қазақстанда тұрғындар өмірінің түрлі салаларын цифрлы трансформациялау бойынша жұмыс жалғасуда. 2024 жылдың 6 айында цифрландыру және инновациялық даму саласында ілгерілеушілікке қол жеткізілді. Негізгі жетістіктердің қатарында электронды мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту, жаңа цифрлық шешімдер мен платформаларды енгізу, сондай-ақ IT және аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бар.

ҚР ЦДИАӨМ қызметінің бірінші жартыжылдықтағы нәтижесі туралы толығырақ PrimeMinister.kz сайты редакциясының шолуынан біле аласыздар.

Байланыс инфрақұрылымын дамыту

Қазақстанда оптикалық-талшықты байланыс желілерді (ОТБЖ) кеңейтуден бастап жаңа технологиялар мен заңнамалық өзгерістерді енгізуге дейінгі байланыс инфрақұрылымын жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. ОТБЖ бойынша жобаны іске асыру 1,2 мыңнан астам ауылдық елді мекендерді қосуға және 3,7 мың мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелер үшін кең жолақты интернет-қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңа желілердің жалпы ұзындығы 20 мың км-ден асты, бұл коммуникация инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартты.

Технологиялық жетістіктер қатарында 20 қалада 918 базалық стансасы бар 5G желісін іске қосу, сондай-ақ 4,8 мың ауылдың кең жолақты интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету бар. Жаңа нормативті талаптардың енгізілуі сапасыз қызметтердің санын азайту арқылы байланыс қызметтерінің сапасын арттырды, ал антифрод жүйесін енгізу алаяқтардан түсетін қоңыраулар санын азайтты.

Қызметтерді цифрландыру және қол жетімді ету

ҚР ЦДИАӨМ «Электронды үкіметті» дамытуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтің 93,3%-ы электронды түрде ұсынылады, оның 86%-ына смартфон арқылы қол жеткізілген. «eGOV Mobile» мобильді қосымшасы мен 56 қызметке қол жеткізілген сыртқы платформалар арқылы бірінші жартыжылдықта 35 млн қызмет көрсетілді. Бұл цифрландырудың жоғары деңгейін және қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің көпшілігін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік сервистердің халық үшін қол жетімді болғанын көрсетеді.

Қазіргі уақытта келесі қызметтер қол жетімді:

— Автокөлік бойынша онлайн мәмілелер;

— Цифрлы ипотека;

— Цифрлы нотариат;

— Жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу;

— Соттан тыс банкроттық;

— Автокөлікті заңдастыру;

— «Несиені тоқтату» сервисі – қарыз алудан ерікті түрде бас тарту;

— Құмар ойындарға қатысуды және бәс тігуді шектеуге арналған сервис;

— еGov Mobile-дағы еңбек шарттары;

— Білім берудің ресми құжаттарына апостиль қою;

— ТЖ шығындарын өтеу;

— Борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын тексеру қызметі және басқалар.

Заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері де жеңілдетілді: 

— eGov Business мобильді қосымшасы;

— «Заңды тұлғаның цифрлы сенімхаты» сервисі;

— Лицензиялардың 100% онлайн форматта қол жетімді;

— Лицензиялардың 12 түрі «автоматты түрде қол қою» режиміне ауыстырылды.

е-Otinish Бірыңғай платформасы аясында азаматтардан 6,8 миллион өтініш қабылданды. Талдау қорытындысы бойынша қазір Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 29 «жасырын» қызмет анықталды. Өтініш берушілердің бағалауы бойынша жауап сапасына қанағаттану 17,5%-ға өсті.

Мемлекеттік қызметтерге арналған цифрлық шешімдер

Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының Бірыңғай платформасын енгізу жалғасуда, бұл мемлекеттік ұйымдар үшін 4055 сайт жасауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік органдарды цифрландыру шеңберінде бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді және енгізуді жеңілдететін іс-шаралар өткізілді, бұл азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартады. Мысалы, су тасқынынан зардап шеккен халықты қолдау үшін qoldau.gov.kz бірыңғай порталы іске қосылды.

Заңнамалық деңгейде цифрлы трансформацияға ықпал ететін нормалар бекітілді. Мемлекеттік органдардың жұмысын автоматтандыру және «QazTech» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін бағдарламаларды әзірлеп, енгізу рәсімдері жеңілдетіледі.

ЖИ бойынша стратегиялық бастамалар

Қазақстанда жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту жөніндегі шаралар күшейтілді, бұл саланың еліміздің болашақ экономикалық және әлеуметтік прогресі үшін стратегиялық маңызын атап көрсетеді. ЦДИАӨМ құрылымында Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды, оның қызметі ЖИ-нің толыққанды экожүйесін қалыптастыруға, технологияларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге және адам капиталын дамытуға бағытталған.

Үкімет Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдады.

Ол деректер мен есептеу қуаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұлттық жасанды интеллект платформасын құрып, инновациялар үшін қолайлы климат орнатуды көздейді.

Адам капиталын дамыту Нұр Әлем ЭКСПО базасында ашылған Alem.AI орталығында қолдау табуда, ол мамандарды оқытудың, ғылыми бастамаларды ынталандырудың және ЖИ-стартаптарды дамытудың негізгі орталығына айналады.

Халықаралық IT нарықтарға шығу

Дүниежүзілік банкпен және Alchemist және SilkRoad Innovation Hub сияқты жетекші халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде қазақстандық стартаптарға қолдау көрсетіледі, ел экономикасына түрлі озық инновациялық шешімдер енгізілуде.

Медицинада, білім беруде, туризмде және тау-кен металлургия өнеркәсібінде жасанды интеллектіні дамытуға ерекше назар аударылады.

Қазақстандық стартаптар ірі америкалық және азиялық компаниялардың қызығушылығын тудыруда. Оңтүстік-Шығыс Азия мен Эр-Риядтағы өкілдіктерде 20-дан астам стартапқа халықаралық нарықтарға шығу үшін қолдау көрсетіледі.

Astana Hub Google Accelerator-дың серіктесі бола отырып, өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Бұл ынтымақтастық өңірдегі стартаптарды акселерациялау үшін жаңа көкжиектер ашады және қазақстандық IT-нарықтың халықаралық инновациялық экожүйелермен ықпалдасуын күшейтеді.

Аэроғарыш өнеркәсібі 

Биылғы 30 мамырда «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру туралы» Үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды. Аталған құжат ресейлік тараптың кешендегі жұмысы жөніндегі міндеттемелерін арттырады, бұл оның өтелуіне және тұрақты дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде ҚХР-мен бірқатар халықаралық келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер IT саласындағы ынтымақтастықты нығайтады және Қазақстан мен Қытай арасында неғұрлым берік техникалық-экономикалық байланыстар жасайды.

Геодезия және картография

Қалалар мен аудан орталықтарын қосқанда, 915 елді мекенге арналған цифрлы топография жоспары жасалды. Бұл инфрақұрылымды жақсартуда және география деректерінің дәлдігін арттыруда маңызды қадам.

Соңғы алты айда Қазақстан аумағын 1: 25 000 масштабтағы цифрлы топография карталарымен қамту 85,6%-ға дейін ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артық. Жыл соңына қарай еліміздің цифрлы инфрақұрылымын белсенді дамытуды жалғастыра отырып, бұл көрсеткішті 92,52%-ға жеткізу жоспарланып отыр.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз