Жастарға жеңілдетілген несие беру ережесі бекітілді

0
287

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен микрокредит берудің қағидасын бекітті, – деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қағидаларда кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде шағын несие беру көзделген.

Микрокредиттер  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.

Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Қазіргі уақытта Еңбекмині:

– жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар жасасу;

– «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;

– бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Микрокредит алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайлары туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ