Жастар және қыздар арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетт

0
9

Астана қаласының спортшысы Едіге Емберді ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Перу астанасы Лима қаласында жасөспірiмдер, жастар және қыздар арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Айтулы додада Астана қаласының спортшысы Едіге Емберді жасөспірімдер санаты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 81 келіге дейін салмақ дәрежесінде серпе көтеруден 187 келi нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді. Ол сондай-ақ әлем чемпионатында қос сайыс бойынша 4-орынға тұрақтады.

Бұған дейін жерлесіміз Едіге Емберді жасөспірімдер арасында екі дүркін жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетейік, айтулы бәсекеге 77 елден 530 спортшы қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ