Жеңіс Қасымбек Астанаға тартылатын инвестициялар жөнінде айтты

0
193

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың дамуы үшін инвестициялар тартылып жатқанын әлемжелідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімнің айтуынша, биыл 30-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланған. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы 118 млрд теңгеден асады. 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Олар өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері және т.б.

Бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге №1 Индустриялық паркте бірқатар кәсіпорынның жұмысымен таныстық. Олардың қатарында ModeX модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техника құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, жиһаздар, респираторлар және т.б. Кәсіпорын өкілдерімен бірге №1 индустриялық парк бойынша өзекті мәселелерді талқыладық, – деді Жеңіс Қасымбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ