Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды

0
11

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында елдің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтау шараларын күшейтудің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде биыл Жошы Ұлысының (Ұлы Даланың) құрылғанына 800 жыл толатынын және еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз байланысты екенін айтты.

Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының, сондай-ақ «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының коллекцияларынан 300-ге жуық бірегей экспонат, Алтын Орда, Хорезм, Самарқан, Иран және басқа да өңірлерге тиесілі күміс дирхемдер мен мыс теңгелер ұсынылды.

Сонымен қатар көрме аясында «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары: қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстелі өтті. Жиынға ортағасырлық қала мәдениетін зерттеуші ғалымдар, реставраторлар, сәулетшілер және басқа да мамандар қатысты.

Көрме 2025 жылдың 12 наурызына дейін жалғасады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ