2050 жылға қарай Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 15 пайызға түсуі мүмкін

0
115

Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында «жасыл» экономиканы қолға алудың жолдарын атады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз.

Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ.

Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынамын», деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «жасыл» экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, оны қайтадан қалпына келтіріп, энергетиканың орталығы атана алатындығын айтып, уақыттың тапшы екенін ескерді.  Сөз соңында Президент «жасыл» экономикаға көшу үшін  ресурстар мен серіктестік байланыс қажет екенін қадап айтты.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз