6 облыс үшін мемлекеттік материалдық резервтегі құрал-жабдық шығарыла бастады

0
179
Фото: премьер-министрдің баспасөз қызметі

Алты облыс үшін мемлекеттік материалдық резервтен 51 арнайы және автомобиль техникасы мен 15 мың адамға лайықталған жабдық шығарылды. Бұл туралы Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Руслан Ормағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін мемлекеттік материалдық резервтен 51 арнайы және автомобиль техникасы, шатыр мен шамамен 15 мың 400 адамға лайықталған төсек-орын жабдықтары шығарылды, – деді Ормағамбетов.

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу үшін осы өңірлердің әкімдіктерімен мемлекеттік материалдық резервтен қажетті тауарларды шығару мәселесі қаралып жатыр.

Айта кетейік, мемлекеттік материалдық резервтер номенклатурасына сәйкес резерв қоймаларында тамақ өнімдері, төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар – арнайы және автомобиль техникасы, шатыр, төсек-орын жабдықтары және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті басқа да тауарлар сақталады. Тауарлар Республикалық мемлекеттік кәсіпорының «Резерв» қоймаларында еліміздің 10 өңірінде (Астана, Алматы, Петропавл, Қостанай, Семей, Арыс, Шар, Қарағанды облысының Абай қ., Жетісу облысының Бастөбе к.) орналыстырылған.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ