Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0
212

Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың 26 қаңтардағы өкімімен Айман Ибраева Қостанай облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Айман Ибраева Қостанай педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Білім саласында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай ауданы Владимиров мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 15 жыл облыс, қала мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.
2002 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы болып жұмысқа кіріскен.
2005 – 2011 жылдары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының құрылыс, материалдық және әкімшілік жұмыс бөлімін басқарды.
2011 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2014-2019 жылдар аралығында Білім басқармасының ақпараттық-сараптамалық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2019 жылдың сәуір айында қала әкімдігінің білім бөлімін басқарды.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары болып келген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ