Орталық сайлау комиссиясы қай партиялардың Мәжіліске өткенін хабарлады

0
120

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.

Комиссияның алдын ала дерегінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 53,90 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді;

2. “Ауыл” халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 6,80% немесе 432 920 адам дауыс берді;

5. “Байтақ” жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431 адам дауыс берді;

6. “Ақ жол” Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;

7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;

“Бәріне қарсымын” – бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде өткен сайлауда 6 366 441 адам өз таңдауын жасаған.

Айта кетсек, парламент мәжілісіне өту үшін 5 пайыздық шекті бағындыруы керек.

19 наурызда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Ел халқы таңғы жетіден кешкі сегізге дейін өз үміткерлеріне дауыс берді.

Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді. Яғни сайлаушылар тек саяси партияларға ғана емес, нақты кандидаттарға да дауыс берді.

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы үшін барлығы 10 223 сайлау учаскесі құрылған болатын, соның ішінде 77-сі 62 шет мемлекетте ашылды. Сайлаушылар тізіміне 12 миллионнан аса азамат енгізілді. Соның тең жартысы ғана сайлауда өз таңдауын жасады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ