«9-20-25» бағдарламасы бола ма? – Отбасы банкі мәселеге нүкте қойды

0
358
фото: Halyq Uni

Биыл 52,6 мыңнан аса адам банктің көмегімен үй алған

Отбасы банкі «9-20-25» бағдарламасы іске қосылады деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аталған бағдарламаның жұмыс істейтіні туралы ақпарат тараған болатын.

Отбасы банкі қазақстандықтарға несие берудің басқа да нұсқаларын қарастырып жатыр. «9-20-25» – болашақта іске асуы мүмкін тұрғын үй бағдарламасының нұсқасы. Бұл жоба әзірлену үстінде. Банк мамандары тиісті есептеулер жасап, шарттарды талдауда. Жоба мақұлданған кезде Отбасы банкі қазақстандықтарды қосымша хабардар етіп, толық ақпарат ұсынады, – деп жазылған банк таратқан хабарламада.

Ал «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік бермеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Отбасы банкі мен «Бәйтерек» холдингі «9-20-25» бағдарламасына қатысты түсінік берген еді.

Дәурен Ерболат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ