Ақтүтек боран: Шымкент-Алматы жолы жабылып, 3 блокбекет қойылды

0
644
Фото: Pexels

Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақтүтек боран басталды. Осы орайда Түркістан облысы полиция департаменті республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеуге жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Яғни Түркістан облысынан Жамбыл облысы бағытына қарай «Шымкент-Алматы» автожолының Машат пен Шақпақ ата асуы жабылды.

Аталған аумақта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқыс жайттардың алдын алу мақсатында полицейлер 3 блокбекет қойды.

«Осыған байланысты облыс тұрғындарын ұзақ жолға шықпауға шақырамыз. Сондай-ақ жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмаңыздар» дейді полицейлер.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ