28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарын тегін оқыды

0
164
Фото: 7-su.kz

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері үшін тегін біліктілікті арттыру курстарын өткізіп жатыр. Бүгінде 28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курсын аяқтады.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, курстар биыл қараша айының соңына дейін жалғасады.

Бүгінде біздің орталықтың оқытушылары 1 100-ден астам курс өткізді. Онда 28 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды. Әр педагог курстан кейін алған білімдері бойынша бағаланады және оқытудың тиімділігіне талдау жасалады, – деді «Өрлеу» орталығының басқарма төрағасы Айдана Шілибекова.

Еске сала кетсек, оқу курстары биыл ақпан айының соңында басталған болатын. Орталық 80 мыңнан астам педагогті, оның ішінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жүйесінің 11 мыңнан астам педагогін және 68 мыңнан астам мектеп педагогін оқытуды жоспарлап отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ