Ақылы жолдардың тарифын біртіндеп көтермекпіз – Марат Қарабаев

0
267

фото: kolesa.kz

Оны күтіп ұстауға қаражат керек қой, – дейді ол

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда ақылы жолдар қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы – Қарағанды тасжолын салып бітіреміз. Бұл жол жеңіл көліктер үшін де ақылы болады. 2025 жылы онда бейнебақылау камералары орнатылып, ақылы жүйе енгізіледі. Жаңа ақылы жолдарда тариф өзгере ме? Бүгінде ондағы тариф – 1 теңге 20 тиын (1 шақырым жолға). Бірақ ондағы тариф көтерелуі мүмкін. Мәселені талқылап жатырмыз, – деді ведомство басшысы Үкіметтің баспасөз орталығында.

Осыған байланысты министр елімізде ақылы жолдар қымбаттауы мүмкін екенін атап өтті. Алайда әр учаскеде баға әртүрлі болуы ықтимал.

Біз тариф 1,20 теңге деңгейінде қалады деп айтып отырған жоқпыз. Оны біртіндеп көтеру саясатын ұстанамыз. Ең алдымен транзитке (Қазақстан жолдары арқылы өтетін шетелдік көліктерге қатысты, – автор) басымдық беріледі. Бәрі жағдайға байланысты. Мысалы, төртжолақты (ақылы) жолдарды алайық. Оны күтіп ұстауға қаражат керек қой. (Ақылы жолдардағы) учаскелер мен шақырым да әртүрлі. Осыны негізге алсақ, (ақылы жолдардағы тарифтің) құны да әртүрлі болады, – деді Марат Қарабаев.

Бұған дейін 2024 жылы Қазақстандағы тағы 1200 шақырым жол ақылы болатыны хабарланған еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ