Алматы облысы маңындағы орманнан қару-жарақ табылды
Алматы облысы маңындағы орманнан қару-жарақ табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 17:35 шамасында Алматы облысының ПД КПБ қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Талғар ауданының аумағындағы орманнан МЕ-8 Police газ тапаншасы мен бір ОСА травматикалық тапаншасын тауып,тәркіледі. Сонымен қатар 5,6 милиметр калибрлі ТОЗ иір ойықты мылтық, 3 LSG гранатасы, 3 жарық-дыбыстық гранаталар және 7,62 мм калибрлі 15 патрон, оқ-дәрілер табылды.
Аталған дерек полицияда ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі («Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша тіркелді. Қазір барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облысының ПД бастығы Бауыржан Әленов.