Алматыда бір топ адам жасанды 20,6 мың доллармен ұсталды

0
199
фото: akket.com

Алматы қаласында жалған долларға криптовалюта сатып алғысы келген бір топ адам ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті жалған ақшаны сақтау және сатуға әрекет жасау фактісі бойынша тергеу шараларын бастады. Көлік ішін тексеру барысында ұсталғандардың бірінен үш дана жасанды 100 АҚШ доллары табылған.

Зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 АҚШ долларын құрайтын банкноттар АҚШ федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді, — деді агенттік мамандары.

Күдіктілер қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз