«AMANAT» бизнес қауымдастық өкілдерінің басын қосты

0
287

«AMANAT» партиясының орталық аппаратында республикалық бизнес қауымдастық өкілдері мен мүшелерінің қатысуымен келелі жиын өтті. 

Жиында Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы жан-жақты талқыланып, біршама мәселелер көтерілді.

Шара тізгінін қолына алған «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Тынышбайұлы Жұмағазиев осыған дейін барлық облыс пен қаланы қамтыған жиындарда жалпы саны 600-ге жуық кәсіпкерлік құрылымдардың өкілі мен басшысы қатысып 230-дан астам түрлі мәселе мен сұрақ көтерілгенін жеткізді.

 

Бүгінгі кездесуге «Атамекен» ҰКП, тамақ, қайта өңдеу, химия өнеркәсібі, машина жасау, аграрлық сектор салаларындағы бизнес қауымдастықтың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қатысып, өңдеуші секторлар мен ауыл шаруашылығы саласындағы жан-жақты проблемалар мен секторды қолдауға және жетілдіруге қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Бұл кездесу отандық бизнесті толғандырып жүрген өзекті мәселелерді анықтай отырып Үкіметпен бірлесіп оларды шешу жолдарын табу мақсатында партияның диалог алаңы болғаны шындық. «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Тынышбайұлының айтуынша, кездесуге мемлекеттік орган өкілдері мен бизнес өкілдері арнайы шақырылған.

«Мемлекет басшысының Жолдауы аясында айтылған өңдеу өнеркәсібі мен бизнесті қолдау бастамаларын талқылап, ел Үкіметі мен бірге шешілу жолдарын қарастыру мақсатында арнайы сараптама орталығы құрылып жұмыс жасайтыны сөз болды. Демек алдағы уақытта бизнес өкілдері өз ұсыныстарын партия жанындағы сараптау орталығына жолдайды. Өз кезегінде бұл ұсыныстар «AMANAT» партиясының қолдауымен құзретті органдарға жолданады.

«Осы жылдың шілде-тамыз айларында Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және өзге де облыстар мен қалаларында партиялық өңірлік кеңестері базасында салалық вице-министрлер мен отандық кәсіпкерлердің қатысуымен кеңейтілген кеңестер өткізілді. Осы жиындарда әр өңірлердегі басты проблемаларды анықтап кәсіпкерлік субиектілерінің ұсыныстары мен бірге Үкіметке жолдайтын боламыз», – деді Эльдар Тынышбайұлы.

 

Шара барысында мемлекеттік органдар тарапынан сауалдарға түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Көтерілген мәселелерді бизнес құрылымдары партиямен бірлесе отырып шешу міндеті тұр. Субсидия, салық, кедендік кедергілер мен бизнесті қолдау бойынша қойылған сауалдарға тиісті министрліктердің өкілдері жауап бере отырып, хат түрінде ұсынуды сұрады.

Өз кезегінде Химиктер одағының вице-президенті Тахмина Нұғыманова өңдеу өнеркәсібі саласына қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

«Қазіргі таңда орта кәсіпкерлікке жетіп қалған шағын кәсіпкерліктердің салық пен бухгалтерлік есептерге қатысты өз уәждері бар екенін және мұндай кәсіпкерлер түрлі кедергілердің салдарынан бизнестерін ірі бизнеске өткізуге де қорқатынын жеткізді. Егер бұл санатқа өтсе, мемлекеттік қолдаудан айырылып, әкімшілік жауапкершілігі арта түседі. Біз осы бағытта кәсіпкерлік туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынамыз», – деді ол.

Нұғыманова атағандай, қосымша құн салығын 16 пайызға өсіруіне бизнес өкілдері түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

Сондай-ақ басқосуда бизнес қауымдастық өкілдері мемлекеттік органдарға тікелей сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік алды. Бұл отырыс шілде-тамыз айларында болған кеңестердің қорытынды отырысы болып есептеледі.

Жиынды қорытындылаған «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Жолдауда АӨК-ны кеңейтуді және өзге де өндіріушілер мен қайта өңдеушілер көлемін арттыруды тапсырғандықтан салаға барынша қолдау жасау керектігін айтты.

Бердібек ХАБАЙ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ