Қарағанды облысында жолаушылар вагоны рельстен шығып кетті (ВИДЕО)
24 сәуірде Қарағанды облысында жолаушылар пойызының техникалық вагоны рельстен шығып кетті. Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға туралы ақпарат Instagram-дағы railway_1520 парақшасында пайда болды. Видео авторының хабарлауынша, кеше Қарағанды облысындағы Ағадыр-Айса стансаларының арасында жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен.
«Қарағанды-Сортировочная» станциясының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.
Сондай-ақ ведомсто әзірге басқа ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.