Қазақстан жылнамасының жаршысы Kazinform агенттігіне – 104 жыл

0
84
Kazinform коллажы

 – Бүгін, 13 тамыз күні еліміздегі ең көне медиаресурстардың бірі – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігіне 104 жыл толып отыр. 

Алғашқы қазақ ақпарат агенттігі 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде ашылған.

Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан

Аталған қара шаңырақтың қазіргі иесі – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2022 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ құрамына қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен «ҚР Президенті Телерадиокешені» ШЖҚ РМК негізінде жұмыс істейді. Телерадио кешеннің директоры – Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы.

Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан

Еске салсақ, 1925 жылы агенттіктің аты ҚазРОСТ болып өзгерді. Ал 1937 жылы «ҚазТАГ» деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді.

Агенттік ҚазТАГ болған жылдары мына азаматтар басшылық етті:

Аркадий Иванович Вятич-Кириллов (1937-1938, репрессияға ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілді);
Константин Нефёдов (1939-1940);
Жүсіп Алтайбайұлы Алтайбаев (1953-1958);
Кеңесбай Үсебайұлы Үсебаев (1959-1960);
Қасым Шәріпұлы Шәріпов, (1961-1974);
Кәкімжан Қазыбайұлы Қазыбаев (1977-1982);
Жұмағали Исмағұлов (1982-1987);
Амангелді Ахметалимұлы Ахметалимов (1987-1997).

Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан

Арада 60 жыл өткенде, яғни, 1997 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Президентінің №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАА)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Сол жылдан Мұрат Майханұлы Аренов 2002 жылға дейін агенттікке басшылық жасады.

Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан

2002 жылғы қарашаның 8-інде ҚР Үкіметінің №1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды.

2008 жылғы шілденің 3-інде агенттік ҚР Үкіметінің №668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді.

Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан

Ал 2012 жылғы тамыздан 2014 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамында болды.
2014 жылдың қаңтарында «ҚазАқпарат» елдегі алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі (ХАА) мәртебесіне ие болып, өз тарихының жаңа кезеңін бастады.

Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан

2020 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ құрамына «ҚазКонтент» АҚ қосылып, қайта ұйымдастырылды.

Еліміздің ақпарат кеңістігінде ҚазАқпарат атауымен танылған жылдары агенттікке мына азаматтар басшылық жасады:

Ғаділбек Минажұлы Шалахметов (2003-2004);
Жанай Сейтжанұлы Омаров (2004-2006);
Дәурен Кеңесұлы Дияров (2007-2016);
Әсел Дулатқызы Төлегенова (2016-2017);
Асқар Қуанышұлы Омаров (2017-2021);
Елдос Бигелдіұлы Нашірәлі (2021-2022).

Агенттік ғасырдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім, денсаулық, спорт, мәдениет және қоғам тыныс-тіршілігі туралы сенімді әрі жедел ақпарат көзі ретінде беделін мүлтіксіз сақтап келеді.

Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан

ҚазАқпарат жаңалықтары қазақорысағылшынқытайөзбек тілдерінде таратылады. Сонымен қатар, шетелдегі қандастарымыз үшін жаңалықтар латын графикасында және төте жазумен беріледі.

Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан

2004 жылдың 14 ақпанында «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясының қазақ бөлімшесі Қазақстанда алғаш рет латын әліпбиі негізінде мемлекеттік тілде жаңалық таратуды қолға алды. Негіз ретінде академик Әбдуәли Қайдар дайындаған латын графикасының үлгісі алынды. Кейіннен осы нұсқа мамандар арасында «ҚазАқпарат нұсқасы» деп аталып кетті. Соның арқасында кириллица қарпін оқи алмайтын шетелдердегі отандастарымыз тарихи отанында болып жатқан оқиғаларды біліп отыруға мүмкіндік алды.

Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан
Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан
Қазақпарат - 104 жыл
Фото: Kazinform мұрағатынан

«ҚазАқпарат» ХАА орталық кеңсесі Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан.

Еліміздің барлық өңірінде ақпарат агенттігінің меншікті тілшілері жұмыс істейді. Ресей, Қытай, Түркия, Еуропа, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Иорданияда меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді.

Қазақпарат
Фото: Kazinform

Бүгінде Kazinform агенттігі әлемнің 18 елімен ақпараттық серіктес. Олардың қатарында мыналар бар: ТАСС (Ресей), Trend (Әзербайжан), Арменпресс (Армения), Кабар (Қырғызстан), УЗА (Өзбекстан), Белта (Беларусь), Yonhap (Оңтүстік Корея), TPS (Израиль), Azertac (Әзербайжан), Монцамэ (Моңғолия), CGTN (Қытай), Жэньминь Жибао (Қытай), Синьхуа (Қытай), Ховар (Тәжікстан), WAM (БАӘ), Al-Jazeera (Қатар), Petra (Иордания), Middle East University (MNU) (Иордания), Saudi Press Agency (Сауд Арабиясы), QNA (Қатар), АНИА (ТМД ақпарат кеңесі), Agenzia Nova (Италия), IRNA (Иран), Fakti.bg (Еуропа).

Агенттік InstagramTelegramFacebook және YouTube сынды әлеуметтік желілерде де белсенді.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ