Ұлытау облысындағы түрмеде сотталғандарды азаптаған 11 қызметкердің үстінен іс қозғалды

0
135
фото: tass.ru
Күдіктілер жазасын өтеп жатқан азаматтарды кемсітіп, қорқытқан

Ұлытау облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекеме және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Прокуратураның мәліметінше, №62 мекеменің 7 және Әскери бөлімнің 4 қызметкері, жалпы 11 адам №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталған азаматты кемсіту және сол мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолдану арқылы оларды азаптаған. Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқықбұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру мақсатында басшылырына сотталғандардың мекеме және әскери бөлім қызметкерлеріне бағынбағанын баяндаған.

Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотымен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді. 2024 жылы 26 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз