Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адам жазадан құтылып кетті
“Біз тұратын қала Атырау деп аталады. Бұл қала – Самарадан небәрі 500 шақырым жерде. Мұнда 50% орыстар болған, қазір жан-жақтан келіп, ақырындап бізге қысым көрсетіп жатыр. Бірақ біз Беларусь сияқты Қазақстан да Ресейсіз ешқайда бара алмайды деп есептейміз. Менің атым Максим, ең бастысы, ҰҚК басып кірмесе болды”, – дейді ер адам.
Кейін желіде Максимнің екінші видеосы пайда болды. Онда ол өзінің пікірі бұрмаланғанын және шын мәнінде Қазақстан азаматы екенін айтып, сөзі үшін елден кешірім сұрайды.
Облыстық полиция департаменті қаңтарда күдіктінің үстінен заңсыз қару мен есірткі сақтағаны, сондай-ақ ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Алайда психофилологиялық сараптама ұлттық немесе діни араздықты қоздыру фактісін анықтаған жоқ. Нәтижесінде бұл айып бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Алайда есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылған.