Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

«ҚазАвтоЖолдың» бірнеше қызметкері ұсталды

«ҚазАвтоЖолдың» бірнеше қызметкері  кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге «НК «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кескен.

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікке ілінді.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Қазір осы оқиғаға байланысты жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Астана әкімі ерекше балаларды қолдау шаралары туралы айтты

ШҚО-да екі бойжеткен жауапсыз махаббаттың салдарынан суицид жасаған

Әлеуметтік желіні бақылауға алуға шақырды.