Азия ойындарында қазақстандықтар екі спорт түрінде чемпион атанды

0
5
Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Бахрейнде өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алып, жалпы саны 35 медальға жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ерлер арасындағы жағажай волейболы жарысында қазақстандық жұп Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш финалда Таиланд командасын 2:0 (21:15, 23:21) есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Жеңіл атлетикада Максим Сажнев диск лақтыру бойынша 63,23 метр нәтижемен жеңіске жетіп, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде: 9 алтын, 8 күміс және 18 қола медаль, барлығы 35 жүлде бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ