Балқашта қыз бес қабатты үйдің төбесінен секірмек болды

0
183
Фото: parmanews.ru

Қарағанды облысының Балқаш қаласында полиция бес қабатты үйдің төбесінен секірмек болған қызды құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.

23 қыркүйекте кешкі сағат 18:00 шамасында қалалық полицияның кезекші бөліміне қыз бес қабатты үйдің төбесінен секіргелі тұр деген хабарлама түскен.

Ақпарат түскенде әріптесім Танат Берікұлы екеуміз сол жерде болдық. Оқиға орнына келгенде ақпараттың рас екеніне көзіміз жетті. Бесінші қабатта қыз айқайлап отырды. Бізге шұғыл шешім қабылдап, әрекет істеу керек болды. Танат екеуміз үйдің дәлізі арқылы шатырға көтерілдік, – деді патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Ұлан Несіпбаев.

Оның айтуынша, мұны қыз көрмеген.

Артынан ақырын барып, оны шатырдың жиегінен алып кеттік. Осыдан кейін қызды оқиға орнына келген жедел-тергеу тобына бердік. Кейін қызметімізді жалғастырдық, – деді полицей.

Тәртіп сақшылары құтқарып қалған қызға дәрігерлер психологиялық көмек көрсеткен. Ол жеке басында қиындық болғаннан кейін осындай әрекетке бармақ болған.

Полицейлер батыл әрекетке барып, азаматтың өмірін аман алып қалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ