Бес минуттық жиілік: Алматы метрополитеніне қосымша құрам шықты

0
212

Фото: gov.kz/Алматы қаласының әкімдігі

Енді қалада қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен жүреді

Алматы метрополитенінде жылжымалы құрам саны артты, деп хабарлады қала әкімдігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, енді қалада қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсететін болады.

Оқу жылы басталысымен жолаушылар саны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгендігі ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды, – делінген хабарламада.

Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады.

Еске сала кетсек, Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылған болатын. Қазір 11 станция бар. Әрі қарай 4 станцияның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ