Бірыңғай дизайн-код – тек қабырғаларды безендіру үлгісі емес, тәрбиелеудің жаңа тетігі

0
97

«Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде әзірленген бірыңғай дизайн-кодпен 100-ге жуық білім ордасы жаңарып, ұлттық болмыс пен заманауи стиль үйлесім тапты.

Бірыңғай дизайн-код – тек қабырғаларды безендіру үлгісі емес, тәрбиелеудің жаңа тетігі. Онда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен заманауи көркем шешімдер үйлесім тапқан. Мектеп қабырғалары Қазақстан табиғатының сұлулығын, тарихи тұлғалардың бейнесін, ұлы ойшылдардың қанатты сөздерін бейнелейтін муралдармен толықтырылады. Сондай-ақ, ортақ шрифт, түс және навигация жүйесі қарастырылып, мектеп кеңістігі бірыңғай эстетикалық және тәрбиелік бағытта жаңғыртылуда.

Кеңістік оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалған: бастауыш сыныптарда – мейірім мен патриоттық тәрбиеге, орта және жоғары буында – пәндік тереңдік пен зерттеушілік мәдениетке басымдық беріледі.

Жаңа дизайн-код алдымен «Келешек мектептерде», кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жүзеге асырылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Ерлан Қошанов Мәжілістің 2023 жылғы жұмысын қорытындылады