Биыл 5G желісі іске қосылады – Бағдат Мусин

0
171

Осы жылы еліміздің үш қаласында 5G желісі іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, осы жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстың жаңа буыны 5G енгізу жоспарланып отыр.

«2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%-ды, ал облыс орталықтарын қамту 60%-ды құрайды. 5G интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді», деді Бағдат Мусин.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ