Енді Яндекс Карты арқылы орындар мен ұйымдарды қазақ тілінде іздеуге болады

0
66
Фото: Kazinform

Енді Яндекс Карты қолданбасында мекемелер мен ұйымдарды қазақ тілінде іздеуге болады. Соның арқасында күнделікті өмірде қазақша сөйлейтін пайдаланушылар өздеріне қажетті мекемелерді оңай әрі ыңғайлы таба алады.

Карты қолданбасы 15 негізгі санатқа ерекше көңіл бөлді. Олардың ішінде: дәріханалар, сауда орталықтары, дәмханалар, банкоматтар, жанармай құю станциялары, мұражайлар, сұлулық салондары. Ізделетін мекемелердің 60%-ы осы мекемелер.

Сонымен қатар дәл қазір ашық тұрған немесе тәулік бойы жұмыс істейтін орындарды сүзгілер қоспай және тез табуға болады. Ол үшін Карты қолданбасының іздеу өрісіне тәулік бойы ашық дәріханалар немесе ашық сұлулық салондары деп енгізсеңіз болғаны.

Яндекс Карты халықаралық өнімінің жетекшісі Евгений Шильников: «Өткен жылы біз Карты қолданбасын Қазақстандағы пайдаланушылар үшін бейімдеу жұмыстарымен белсенді айналыстық. Топонимдер, ұйымдардың атаулары, интерфейс және дауыстық сыбырсөздер аударылды. Бұл бағытта жасалған тағы бір қадам — мемлекеттік тілде іздеу сапасының жақсаруы. Енді Қазақстандағы пайдаланушылар негізгі санаттардағы орындарды қазақ тілінде де, орыс тілінде де оңай таба алады», — деп атап өтті.

Яндекс Карты қолданбасын Google Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп алуға болады.

Яндекс карты
Фото: Kazinform

Яндекс Карты — жаяу немесе көлікпен, мысалы, автомобильмен немесе автобуспен жетуге болатын маршруттар құруға көмектесетін навигациялық қолданба. Сондай-ақ ол арқылы қажетті орындарды тауып, басқа да күнделікті жұмыстарды орындауға болады. Бүгінде Қазақстанда Яндекс Карты қызметін ай сайын 2,3 миллионнан астам адам пайдаланады. “Яндекс Карты” Яндекстің басқа сервистері – Іздеу, Такси, Тамақ, Жеткізу сияқты қазақ тілінде қолжетімді.

Яндекс карты
Фото: Kazinform

ПІКІР ҚАЛДЫРУ