Футболдан Қазақстан-Сан-Марино матчына арнайы автобустар жүреді

0
144
Фото: gov.kz/ Астана қаласының әкімдігі

Жанкүйерге Жекпе-жек сарайына жету үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионаты іріктеу турнирінің матчы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Трансляция Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен беріледі. Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру тегін болады.

Жанкүйерге Жекпе-жек сарайына жету үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 19:30-да «Астаналық цирк», «Қазақстан» СК, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті (Нұр-Астана) мен «Жастар» сарайының тұрағынан жүреді.

Матч аяқталғаннан кейін жанкүйерлер қосымша қалалық және қала маңына қатынайтын №10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60, 303 автобустармен қайта алады. Олар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамада тұрады.

Дастан Жұмабекұлы1

ПІКІР ҚАЛДЫРУ