Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Астанада «Елім менің – Қазақстаным!» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Елім менің – Қазақстаным!» атты сурет және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары көрмесі өтті. Көрмеге ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың шығармашылық жұмыстары қойылды.

Экспозицияға Астана қаласындағы «Сиқырлы қылқалам» сурет және кескіндеме студиясының, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының, «Clover Foundation» қоғамдық қорының тәрбиеленушілері, №2 және №3 арнайы мектептердің, №27 мектеп-лицей мен №10 мектеп-гимназияның оқушыларының 60-тан астам жұмысы енді.

Бастама ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың шығармашылығын қолдауға, қабілетін жетілдіруге және инклюзивті мәдениетті дамытуға бағытталған.

Көрменің ашылу салтанатында ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева құттықтау сөз сөйледі.

«Ақниет» қайырымдылық қорының қолдауымен жас өнерпаздарға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Көрме Ұлттық музей жанындағы «Қолөнер ғаламшары» үйірмесінің бір жылдық жұмысының қорытындысы ретінде ұйымдастырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін нығайту: ҚР ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады

zamandas_kz

Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі

zamandas_kz

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты концерт өтті

zamandas_kz