Келесі маңызды бағыт – спортшыларды алаңда медициналық және биологиялық қамтамасыз ету

0
7

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевтың баяндамасы басталды.

«Бүгінгі таңда республика бойынша 521 жасөспірімдер спорт мектебі бар, оларда 406 227 спортшы айналысады. Оның 15468-ін жаттықтырушылар 74%-ы (11371 адам) олимпиадалық спорт түрлерімен, 15%-ы (2302 адам) – олимпиадалық емес спорт түрлерінен және 11% (1741 адам) – ұлттық спорт түрлерінен спортшыларды дайындайды.

Жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 114 түрі, соның ішінде олимпиадалық спорт түрлерімен – 302 204, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша – 31 043, ұлттық спорт түрлері бойынша – 44 695, Азия ойындары бағдарламасына енгізілген спорт түрлері бойынша – 27 581 адам айналысады».

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысына – (47 266 бала), Қарағанды облысына – (27 762 бала), Жамбыл облысына – (26 241 бала) тиесілі. Ал ең төменгі көрсеткіш Астана қаласында – (8 769 бала), Ұлытау өңірінде – (10 288 бала) және Абай облысында – 12 406 бала тіркелді».

«2024 жылдың соңына қарай елімізде 660 мыңнан астам адам немесе дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ы ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысады. Бүгінде республика бойынша Ұлттық спорт түрлерінен 15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 17 спорт клубы, 1 спортты дамыту дирекциясы жұмыс істейді.

«Жаппай көкпар» танылып, спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген. Шымкент, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы республикалық және 5 облыстық федерациялар аккредитациядан өтті. Басқа өңірлерде осы жұмысты жалғастырып, аяқтау қажет».

«Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында спортты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Спортпен жүйелі түрде айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 61 034 адам немесе 18,5% оның ішінде 23080 адам немесе 18 жасқа дейінгі балаларды құрайды. 2023 жылмен салыстырғанда 4212 адамға өскен.

Бүгінгі таңда республикада 16 спорт клубтары, Алматы облысы бойынша 1 спортты дамыту басқармасы және 2 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мектебі, республикалық деңгейде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Спорттық дайындық орталығы» жұмыс істейді».

«Келесі маңызды бағыт – спортшыларды алаңда медициналық және биологиялық қамтамасыз ету. Бекітілген салалық Тұжырымдамаға сәйкес, еліміздің 9 өңірінде, соның ішінде Ұлытау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында медициналық дене шынықтыру диспансерлерін ашу жоспарлануда. Осы облыстардың басшыларынан осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізуді сұраймын».

«Бүгінгі таңда жазғы және қысқы олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері бойынша ұлттық құраманың құрамында 10 056 спортшы бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 928 адамға немесе 8% артық. Алдыңғы қатарда Алматы қаласын атап өту керек. Ұлттық құрамаларға мегаполистің 1456 спортшысы кіреді, бұл 13%, өткен жылмен салыстырғанда олардың 95 адамға артқан. Келесі өңір – Шымкент қаласы, көрсеткіштері бойынша 834 спортшы немесе 8%, 74 адамға өсті.

Сонымен қатар кейбір өңірлердің нәтижелері ұлттық құрамаларға спортшыларды ауыстырудың теріс динамикасын көрсетіп отыр. Олардың ішінде 26 адамға азайған Астана қаласы бар, төмендеу Солтүстік Қазақстан облысында 17 спортшыға тіркелді»,-деді Серік Жарасбаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ