Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагеріне Ким Чжу Э есімді қызын таңдаған. Бұл туралы ҚХДР-дан қашып кеткен бұрынғы жоғары шенді дипломат Ко Ен Хван Newsweek-ке берген сұхбатында айтты.
69 жастағы экс-дипломаттың айтуынша, «Хвасон-17» құрлықаралық баллистика зымыранының ұшыру алаңынан Ким Чен Ынның қызы түсірілген кадрлар жұрттың назарын аударған.
Ол қызды жұртқа таныстыру «биліктің берілуін меңзеу», сондай-ақ «қызын жақсы көретін және ұлттың болашағына қамқор болатын» әкенің бейнесін жасау мақсатында қабылданған шешім екенін болжады.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ өкілдері Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын қызын тақ мұрагері ретінде дайындап жатқанын жазған болатын.