Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен биыл 10 жаңа кино жоба көрерменге жол тартады

0
35

фото:gazeta.ru

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен биыл 10 жаңа кино жоба көрерменге жол тартады.

Бұл фильмдердің ерекше сюжеті, қызықты оқиғалары көрермен көңілінен шығады деген сенім мол.

Көптен күткен жобалардың бірі – «Капитан Байтасов» фильмі. Оны режиссер Дәурен Қамшыбаев түсірген. Фильмнің сценарийін жазуға кейіпкердің ұлы Арманжан Әбдібеков белсенді қатысты. Бұл туынды ұлттық кинематография тарихына ерекше үлес қосып, ерліктің, батырлықтың символы ретінде халық жадында мәңгі сақталатын қаһарманның бейнесін дәріптейді.

Сонымен қатар, көрерменге биыл басқа да қызықты жобалар ұсынылады. Олардың қатарында лудомания мәселесін қозғайтын «Игроманка» драмасы, футбол тақырыбындағы спорттық драма «90+1», «Осенний бриз», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Ароматное сердце» және «Абель» фильмдері бар.

2025 жылы ұсынылатын жаңа фильмдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын құнды идеялар көрініс табады.

Сондай-ақ наурыз айының басында кино жобаларға арналған байқау жарияланады. Жаңа фильмдер үшін басымдық берілетін тақырыптар – отанға деген сүйіспеншілік, экология және еңбекқорлық.

Басым тақырыптардың толық тізімі Кино орталығының ресми сайтында жартяланған.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ