«Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» тақырыбында кездесу өтті

0
217

Қараша айының 8 күні  күні Алматы қаласында, №72 жалпы білім мектебінде 9 және 11 сынып оқушыларының арасында «Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті.

          Тренингті Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында  «Social project management орталығы» қоғамдық қоры  ұйымдастырды.  Семинар спикері: психолог, психотерапевт, Қазақ психология қоғамының мүшесі Амангелді Мейрамбекұлы.

          «Ой түбі – алтын, ойын түбі – от» деп бекер айтпаса керек, ойнап жүріп от басқан жастардың саны жыл сайын артуда. Құмар ойынға деген қызығушылықтарын баса алмай, тәуелді болғандар қаншама. Бүгінгі күні осы мәселені дұрыс бағытта шешу үшін жастар арасында үгіт-насихат шаралары жиі өткізіліп жатыр.       

          Болашақ – жастардың қолында. Егемен елдің ертеңі – жас ұрпақ. Өздеріне артылған сенімді ақтау үшін білім алып, бәсекеге қабілеттілердің қатарынан табылу керек. Біздің заман уақытты құмар ойындарына арнайтын емес, техника тілін түсініп, тіл үйренуге арнайтын заман деп түйіндеді сөзін психолог-тренер Амангелді Мейрамбекұлы.   Студенттер арасында өткен семинар-тренингке қатысушылар белсенді қатысып, лудомания туралы өз ойларымен бөлісті..

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ