Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды

0
112

Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ