Отан Қорғаушылар күні жайында біз не білеміз?
Жыл сайын 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні деп еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі әскери-патриоттық шаралар өткізіп, мерекені атап өтетініміз белгілі. Бірақ ол күннің тарихы жайында не білеміз? Біз білмейтін тағы қандай деректер бар? Осы жағын қарастырып көрдік пе?
Бұл мереке еліміздің тәуелсіздік алған жылдан бастап ел күнтізбесінде енді. Сөйтіп, ел аумағы мен халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің, яғни Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесіне айналды. Осы күнде де маңызын жоғалтқан емес. Бүгінде ел қауіпсіздігін ғана емес, жеріміз сырт қауіптен қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскерилер мен тыл қызметкерлеріне арналған. Тіпті, «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Заңында көрсетілген ресми мерекенің қатарына кірген күн.
Біле білсек, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзінің даму тарихында бірқатар кезеңдерді баснынан өткерді. Атап айтсақ, 1992 жыл – ҚР Қарулы Күштерінің құрылуы, бірінші қорғаныс министрінің тағайындалуы, әскери ант қабылдау.
1993-1998 жж. – мемлекеттік шекара, әскери міндет және қызмет туралы заңдарды қабылдау, әскери доктринаны бекіту, қарулы күштердің түрлерін, шекара қызметін құрды. Ал 1999-2002 жылдары реформалар, кадрлық өзгерістер және екінші әскери доктрина бекітілді. 2003-2013 жылдары әскери қуатты күшейтіп, әскери күштердің негізгі үш түрге көшуі басталды. Сөйтіп, әскерилердің жаңа түрі мен жаңа басқару органдары құрылды. Соның арқасында жаңа әскери доктрина және жаңа әскери техниканы сатып алынды.
Одан кейінгі екі жылда қорғаныс қуатын күшейту, кадрлық ауыс-түйістер және аумақтық әскерлерді құру қолға алынды. 2017 жылдары ҚР ҚК дамыту стратегиясын кезең-кезеңмен жүзеге асыра бастаса, 2021 жылдан бастап ҚР Қарулы Күштері нығая түсіп, түрлі халықаралық жобаларға қатысып, ел бейбітшілігін сақтауға үлесін қосып келеді.
Бүгінде Қазақстан әскерінің жоғары мәртебесі арқасында ел әскерінің күш-қуаты берік әрі нық бола түсті. Қазір мемлекеттік әскери құрылыс бағдарламасы да бар. Әскер қолбасшылары оның құрылымы мен әскерилердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында бірқатар шараларды қолға алынды. Салдарынан елдегі ер-азаматтар осы салаға көптеп бет бұра бастады. Қазір әскери қызметкерлердің арасында әйел саны да артты. Себебі, Қазақстанның әскері мен армия қатарында мыңдаған әйел ерлермен бірге өз елі мен жерін қорғап жүргені баршаға аян.
Әскери мамандықтардың ел алдындағы беделін арттыру үшін айтулы күндері, яғни мереке күндері әскери патриотизмді нығайтатын түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуы тиіс. Осының арқасында ел тұрғындарының патриоттық сезімін оятып, әскери қызметтің ролін күшейтуде маңызы зор. Сол себепті ел әскерінің нығая беруін, аспанымыздың ашық болуын тілейік.